Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Қазақстан-Кувейт бизнес-форумын өткізу мәселесі талқыланды

Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Қазақстан-Кувейт бизнес-форумын өткізу мәселесі талқыланды

Әл-Кувейт, 2026 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Сауда және өнеркәсіп палатасы Бас директорының орынбасары Имад Әл-Заидпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар биылғы жылдың күзінде Кувейтте өткізу жоспарланып отырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Қазақстан-Кувейт бизнес-форумын дайындау мәселесіне ерекше назар аударды. Аталған іс-шара екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылауға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Кувейт нарығына жеткізуді кеңейтуге арналған тиімді алаңға айналады деп күтілуде.

Кувейт тарапы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстанмен Орталық Азиядағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші елдердің бірі ретінде ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық білдірді. Осыған байланысты тараптар ет және ет өнімдері, өсімдік майлары, астық дақылдары және басқа да азық-түлік тауарларын қоса алғанда, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің жеткізілімдерін ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысын еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетімен таныстырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы бәсекелестік артықшылықтарын, сондай-ақ екі ел компаниялары арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.