МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне, сондай-ақ әуе кеңістігінің жабылуына және авиациялық бағыттардың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы №479 референдум учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы референдум учаскесінде жүзеге асыра алады.

Дауыс беру тәртібі, учаскенің мекенжайы мен жұмыс уақыты туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінен алуға болады.

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі азаматтардан референдумға қатысуды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.