
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы № 479 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі жанындағы № 479 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне Кувейтте уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Кувейт Мемлекеті аумағындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) kuwait@mfa.kz электрондық мекенжайына «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: +965 6704 2545