Кувейттің ірі мемлекеттік компаниясы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда

Кувейттің ірі мемлекеттік компаниясы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейттің азық-түлік тауарлары мен ұн тарту өнімдері нарығында түйінді позицияларды иеленетін Kuwait Flour Mills & Bakeries Company (KFMB) компаниясының бас атқарушы директоры Мутлак Әл-Зайедпен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар сауда‑экономикалық байланыстарды кеңейтуді және Қазақстаннан Кувейт нарығына агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары сапалы өнімдерін жеткізуді қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Кувейтте сұранысқа ие бидай, ұн, өсімдік майлары және басқа да тауарларды экспорттау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Елші Қазақстанның астықты ірі экспорттаушылардың бірі болып табылатынын және бидайды әлемнің 80-нен астам еліне жеткізіп, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырғанын хабарлады.

Қазақ дипломаты отандық өндірушілердің жоғары экспорттық әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін тұрақты және сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен KFMB компаниясы арасында тікелей әріптестік құруға қызығушылық білдірілді.

Өз тарапынан компания өкілі ынтымақтастық мүмкіндіктерін одан әрі зерттеуге қызығушылық білдіріп, Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту әлеуетін атап өтті.

Kuwait Flour Mills & Bakeries Company (KFMB) – 1961 жылы құрылған Кувейттің жетекші мемлекеттік азық-түлік компаниясы, ол елдің ұн, нан және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық операторы болып табылады. Компания күн сайын шамамен 4,5 миллион нан өнімдерін өндіре отырып, ішкі нарықтың ұн мен субсидияланған нанға деген қажеттілігінің 100% қамтамасыз етеді.