Қазақстан мен Кувейт ынтымақтастықты көпжақты форматта нығайтуда

Қазақстан мен Кувейт ынтымақтастықты көпжақты форматта нығайтуда

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрінің халықаралық ұйымдар істері жөніндегі көмекшісі Абдаллазиз Сауд Әл-Жаралламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар көпжақты форматтағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты және халықаралық ұйымдар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Әсіресе, БҰҰ алаңында бастамаларды өзара қолдау мен үйлестіруді одан әрі нығайту перспективасына ерекше көңіл бөлінді. Тараптар ортақ мүдделерді ілгерілету және халықаралық құрылымдарда сындарлы диалогты дамыту мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растады.