Кувейттің бизнес-қоғамдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Кувейттің бизнес-қоғамдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев «Sky Aviation Services Group» төрағасы Ахмед Бехбеханимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Әңгімелесу аясында Қазақстан Елшісі еліміз экономикасының қарқынды дамуы туралы хабардар етіп, еліміз өңірдің жетекші және қарқынды дамып келе жатқан экономикаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақ дипломаты 2024 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің 300 миллиард АҚШ долларына дейін өсуі ел экономикасының тұрақты өсуін растайтынын атап өтті.

Кездесу аясында екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және экономиканың басым секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетіне ерекше назар аударылды. Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты қолдауға уағдаласты.