Әл-Кувейт, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Тәжікстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Зубайдулло Зубайдзодамен кездесті.
Тәжікстан Республикасының Елшісі қазақ әріптесіне дипломатиялық миссиясының басталуына орай өзінің жылы лебізін білдіріп, Қазақстан-Кувейт қатынастарын нығайту жөніндегі жауапты міндетті іске асыруда табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және достық, өзара құрмет және сындарлы диалог негізінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Дипломаттар алдағы кезең достық елдер арасындағы қарым-қатынастардағы жаңа бастамалармен және оң динамикамен белгіленетініне сенім білдірді.