Қазақстан мен Малайзия экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Малайзия экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Джорджтаун, 2025 жылғы 5 наурыз – Малайзияның Пенанг штатының астанасында «Қазақстан: Еуразия жүрегі» бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Пенанг штатындағы Құрметті консулдығы ҚР Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға штат үкіметінің, жоғары оқу орындарының және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстандық тараптан «Kazakh INVEST ҰК» АҚ, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Almaty Development Company» өкілдері еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетімен таныстырды.

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Б.Сүгірбаев Қазақстан Малайзияны Оңтүстік-Шығыс Азияға «стратегиялық көпір» ретінде қарастыратынын және федералдық және өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Елші «Пенанг - электроника, логистика, креативті экономика және туризм дамыған Малайзияның жетекші экономикалық орталығы. Өз кезегінде Қазақстан экономиканы цифрландыру мен финтех саласында табысты тәжірибеге ие. Елдеріміз арасындағы тікелей әуе рейстер мен визасыз режим, іскерлік әріптестікті дамытуға кең мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті.

Пенанг штатының Туризм және креативті экономика министрі Вонг Хон Вэй өзара тиімді әріптестікті дамытуға штаттың қызығушылығын атап, Пенангтың Қазақстанмен IT, финтех және «ақылды қала» жобаларын дамыту салаларында ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар екеніне сенім білдірді. Ол сондай-ақ малайзиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының, атап айтқанда, металлургия және болат секторының Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

ҚР Пенангтағы Құрметті консулы Луис Нг Қазақстан экономикасының белсенді өсуін атап өтті. Бұл елдегі малайзиялық бизнесті кеңейту үшін де, Орталық Азия нарығына одан әрі шығу үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатынына назар аударды.

Almaty Development Company Басқарма төрағасының орынбасары Анес Задабек форум қатысушыларына Қазақстанның ЖІӨ-ге 20%-дан үлес қосатын Алматы қаласының инвестициялық және туристік әлеуетін таныстырды.

«Kazakh Invest ҰК» АҚ өкілі Диана Әблякимова Қазақстанның электрондық өнеркәсіпті дамыту үшін қажетті пайдалы қазбалар мен аса маңызды минералдық ресурстардың кең базасы бар екенін атап өтті. Ол ең үздік халықаралық тәжірибелерді қамтитын ашық жағдайлардың арқасында малайзиялық компаниялардың ҚР экономикасының осы саласына тиімді инвестиция салуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.

«Kazakh Tourism ҰК» АҚ Департаментінің директоры Әлішер Тұрсын форум қатысушыларына туризм саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды; Алматы қаласындағы Малайзия сыртқы сауданы дамыту корпорациясы (MATRADE) кеңсесінің өкілі Мұхаммед Хафизуддин Исхак Қазақстан экономикасына шолу жасап, сауда саласындағы мүмкіндіктер туралы айтты; Елшіліктің дипломаты Әмір Алдажанов ҚР Үкіметінің елімізді аймақтық білім беру хабы ретінде позициялау жөнінде қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.

Презентациялардың қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның геостратегиялық жағдайы мен ресурстық базасын, сондай-ақ іскерлік ахуалды тұрақты жақсарту үшін ҚР Үкіметі қабылдайтын шараларды ескере отырып, қазақстандық нарықтың перспективаларын жөнінде пікір алмасты. Бизнес-форумға қатысушылардың едәуір бөлігі Қазақстанға келуге ниет білдірді. Осыған байланысты Құрметті консулдық бизнес-делегацияны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.