Малайзия мен АСЕАН Қазақстанмен цифрлық сауданы дамытуға қызығушылық танытуда

Малайзия мен АСЕАН Қазақстанмен цифрлық сауданы дамытуға қызығушылық танытуда

Кучинг қаласы, 2025 жылғы 28 ақпан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Сүгірбаев Азия-Тынық мұхиты аймағының стратегиялық зерттеулер институты мен Саравак штатының Үкіметі бірлесіп ұйымдастырған АСЕАН-Саравак экономикалық форумына қатысып, Қазақстанның цифрландыру және IT саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ өңіраралық цифрлық сауда хабы ретіндегі рөлін дамыту перспективаларын таныстырды.
Елші цифрлық сауданы дамытуға арналған панельдік сессияда сөз сөйлеп, Қазақстанның электрондық коммерция нарығы мемлекеттік секторы мен жеке қаржы институттарын цифрландырудың жоғары деңгейдің, қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалану белсенділігінің, Интернеттің қолжетімділігінің, сондай-ақ IT-стартаптар мен финтехті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау арқасында белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Ол 2020-2024 жж. аралығында Қазақстанда электрондық сауда көлемі бес есе өсіп, 6 млрд. АҚШ долл. құрағанын, ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 17,5 млрд. АҚШ долл. өсетінін хабарлады.
Бұл ретте Елші Б.Сүгірбаев Қазақстан нарығында отандық электрондық коммерция алаңдарымен қатар, Alibaba, Temu, Pinduoduo, Taobao, Trendyol, Wildberries және Ozon сияқты халықаралық сауда платформалары белсенді қызмет көрсетуіне назар аударды.
Сөзінің соңында ол Малайзия мен АСЕАН компанияларын Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға осы салада бар мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырды.