Қазақстан мен Малайзия халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Малайзия халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзия Сыртқы істер министрлігі Бас хатшысының көпжақты ынтымақтастық жөніндегі жаңадан тағайындалған орынбасары Бала Чандран Тарманмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Б.Сүгірбаев қазақстандық бастамаларды халықаралық платформаларда белсенді қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол БҰҰ аясындағы қазақстандық бірқатар бастамалар, соның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру биологиялық қаруға қарсы тұру, сондай-ақ әртүрлі аурулар мен эпидемиялармен күресу бойынша күш-жігерді үйлестіруге бағытталғанын атап өтті.

Б.Тарман Қазақстанның бастамаларын, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аясындағы өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған үлесін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әлемдік және өңірлік халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.