Куала Лумпурда Қазақстан мен Малайзияның автобус өндірісі саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Куала Лумпурда Қазақстан мен Малайзияның автобус өндірісі саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев автобустар, жүк көліктері мен олардың құрамдас бөліктерін шығаратын зауытқа барып, «Tan Chong Group» және «Truckquip» компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Компания басшысы Сей Тек Мин «Truckquip» компаниясы «Tan Chong Group» компаниясына кіретін еншілес компания екенін және оның компаниясы Малайзияның жолаушылар автобустары мен жүк көліктерін құрастыратын бес ірі компаниялардің бірі екенін айтты. Компания Volvo, Scania, Isuzu сияқты әлемге әйгілі компаниялармен тығыз жұмыс істейді және Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Сингапур сияқты елдерде зауыттары бар. «Біздің компания кеңейуді көздейді, ал Қазақстан біз үшін басым нарықтардың бірі», – деді кәсіпкер.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі бірқатар малайзиялық компаниялардың Қазақстанда табысты жобалар жүргізіп жатқанын және олар одан әрі кеңейуге дайын екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ ЖЭК, инфрақұрылым, Британдық құқық негізіндегі «Астана» ХҚО қызметі, өнеркәсіп және т. б. бірқатар мәселелерді талқылады.

Бұған қоса тараптар Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді және елде жүріп жатқан реформалар шеңберінде тікелей шетелдік инвестициялар ағынын кеңейтуге бағытталған практикалық және заңнамалық бастамалар мен қолдау шараларын талқылады.

Сей Тек Мин елдер арасындағы тікелей әуе қатынасы осы процестерді жеделдетуге ықпал ететінін атап өтіп, нарықты зерделеу үшін іскерлік миссиямен Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.