Куала-Лумпурда жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимылы талқыланды

Куала-Лумпурда жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимылы талқыланды

2024 жылғы 19 наурызда Куала-Лумпур қаласында Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының директоры Арыстан Масановтың Малайзия жол қауіпсіздігі зерттеу институтының (MIROS) төрағасы Вонг Шоу Вунмен және MIROS Бас директоры Сити Захара бинти Исхакпен кездесуі өтті.

Кездесу аясында малайзиялық ғалымдардың "ҚазжолҒЗИ" АҚ және "Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-пен бірлесіп "Жол қозғалысы қауіпсіздігі рәсімдері"ведомстволық нормативін әзірлеуге қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу барысында тараптар институттардың қызметі туралы презентацияларын ұсынды және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша А. Масанов пен Сити Захара Бинти Исхак екі зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жол қозғалысы қауіпсіздігін, жол жобаларын бағалаудың халықаралық жүйесін (IRAP) енгізу мен дамытуды, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы басқа да салаларды қамтитын болады.