Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы

Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы

Биыл ғалым-геолог, металлогения ғылымының және мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толады. 

Ол 1899 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Оның есімі Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты.

Қ.И.Сәтбаев  ̶  Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларын, Жезқазғандағы мыс қорларын  ашқан алғашқы қазақ геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, Кеңес Одағының шығыс республикаларынан шыққан КСРО ҒА-ның тұңғыш академигі, КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Мемлекеттік және Ленин сыйлықтарының лауреаты, төрт мәрте Ленин орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.