Нұр-Сұлтан мен Куала-Лумпур сауда байланыстарын тереңдетуге мүдделі

Нұр-Сұлтан мен Куала-Лумпур сауда байланыстарын тереңдетуге мүдделі

Путраджая, 2022 жылғы 8 маусым - Елші Болат Сүгірбаев Малайзияның Аға министрі – Халықаралық сауда және индустрия министрі Азмин Алимен кездесті.

Қазақстандық дипломат шекаралардың ашылуымен екі мемлекеттің үкіметтеріне пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру, сондай-ақ жемісті ынтымақтастық орнату үшін экономиканың жаңа салаларын ашу жөніндегі жұмысты жандандыру маңызды екенін айтты. Елші бүгінгі Қазақстан дамуының негізгі үрдістерін және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясындағы Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы еліміздің бастамаларына жеке тоқталды.

Азмин Али Қазақстан мен Малайзияның экономикалық ынтымақтастығы айтарлықтай мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті. Аға Министр екі елдің сауда, ақпараттық технологиялар және т.б. салаларда үлкен әлеуетке ие екенін растады.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Қазақстан–Малайзия Бірлескен сауда-экономикалық комитеттің күн тәртібін талқылап, Комитеттің 4-ші отырысын ү.ж. қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізуге уағдаласты.

Бірлескен сауда-экономикалық комитет 1996 жылы құрылған және үкіметаралық комиссия мәртебесіне ие. Қазақстандық тараптан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, ал малайзиялық тараптан – Халықаралық сауда және индустрия министрі Комитеттің тең төрағасы болып табылады. Екі ел туризм, исламдық қаржыландыру, халал өнеркәсібі, ЖЭК және инвестициялар саласындағы жұмыс топтары шеңберінде Комитеттің үш отырысын өткізді.