Қазақстан Елшісі Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мохамадпен кездесті

Қазақстан Елшісі Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мохамадпен кездесті

2022 жылғы 31 мамырда Елші Болат Сүгірбаев көрнекті мемлекет қайраткері Махатхир Мохамадпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бері өзара қолдау және тәжірибе алмасу негізінде құрылып, 30 жылдан астам уақыт бойы жан-жақты әріптестік деңгейіне көтерілген екі мемлекеттің өзара іс-қимылының жоғары деңгейі талқыланды.

Бұрынғы премьер-министр екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың айтарлықтай әлеуетіне назар аударды. М. Мохамад Қазақстанда ресми сапарлар мен халықаралық іс-шараларға қатысу аясында өткен уақытты ерекше жылы лебізбен еске алып, Қазақстан халқына одан әрі гүлдену тіледі.

Тыңғылықты әңгімелесу барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан еліміздің одан әрі демократияландыруға, Қазақстанның саяси және экономикалық жүйелерін одан әрі дамытуға және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бизнес климатты нығайтуға бағытталған жан-жақты реформалары мен Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алда келе жатқан референдум талқыланды.

Махатхир Мохамад - екі рет премьер-министр болған ірі саясаткер, Малайзияда «жаңғырудың атасы» ретінде танымал. Қазақстанның Тәуелсіздігін тану және еліміздің мен Малайзия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату оның бірінші премьер-министрі кезеңінде болды. Малайзиялық саясаткер бір айдан кейін 97 жасқа толады.