
ҚР Малайзиядағы Елшілігі 2026 жылғы 16 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша жалпы белгіленген қуаты 915 МВт болатын 2026 жылға арналған аукциондық сауда-саттық кестесін бекіткенін хабарлайды.
2026 жылға арналған бағдарлама шеңберінде келесі бағыттар бойынша аукциондар өткізу жоспарланған:
Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жаңартылатын энергетика нарығында жетекші орындардың бірін нығайтып келеді. Елдің табиғи әлеуеті жоғары: жылдық жел энергетикасының әлеуеті шамамен 920 млрд кВт·сағатты, ал күн энергетикасының әлеуеті 1 трлн кВт·сағатты құрайды. Әсіресе оңтүстік өңірлер күн генерациясын дамытуға қолайлы.
2018 жылдан бастап енгізілген бәсекелі аукциондық тетік аясында Қазақстанда 103 аукцион өткізіліп, 13 елдің инвесторлары қатысқан 209 жоба іріктелді.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдаудың қолданыстағы тетігі келесіні көздейді:
Сонымен қатар жел және күн энергетикасы жобаларының бір бөлігі үшін қатысушының өз жер учаскесі мен қосылу нүктесі негізінде өткізілетін «ашық аукцион» форматы енгізілді.
Елшілік малайзиялық компаниялардың Қазақстанның жаңартылатын энергетика секторына қатысуға қызығушылығын құптайды және ҚР Энергетика министрлігімен әрі аукцион ұйымдастырушысымен өзара іс-қимылды жолға қоюға жәрдем көрсетуге дайын.
2026 жылға арналған аукциондық кесте мен қатысу тәртібі жөніндегі қосымша ақпарат сұрау салу негізінде қолжетімді.