Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Қиыр Шығыс өңірлік тобына кірді

Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Қиыр Шығыс өңірлік тобына кірді

Қазақстанның өңірлік топқа кіруі – Агенттіктің Жарғысына және еліміздің бастамасымен қабылданған АЭХА Бас конференциясының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі GC(67)/RES/15 қарарына сәйкес мемлекеттердің АЭХА-дағы егемендік теңдігін қалпына келтіру мәселесіндегі маңызды қадам. Сонымен бірге бұл Астананың бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге, ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға бейілділігін растайды.