АСЕАН мен Орталық Азия: Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық көпірі арқылы

АСЕАН мен Орталық Азия: Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық көпірі арқылы

Куала-Лумпур, 2025 жылғы 29 қазан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзия Парламентінің Халықаралық қатынастар және сауда жөніндегі комитетінің төрағасы Вонг Ченмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өткен АСЕАН саммитінің қорытындыларын талқылап, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Сұхбаттасушылар сауда, логистика, цифрландыру, туризм, білім беру және өзара мүдделілік танытқан басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасты.

Елші Вонг Ченге Қазақстанның инвестициялық климаты, шетелдік инвестицияларды тарту шаралары және көлік дәліздері, жаңартылатын энергия, агроөнеркәсіптік кешен мен технологиялар алмасу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Вонг Чен Қазақстанның тиімді геостратегиялық орналасуы мен құрғақ порттар желісінің дамығанын атап өтіп, логистика және сауда инфрақұрылымы саласындағы тәжірибе алмасу әлеуетін жоғары бағалады.

Тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы парламенттік және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.