Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзия франчайзинг қауымдастығы (MFA) және «CSQ Consulting» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған «So Big Round Table» атты іскерлік іс-шараға қатысты. MFA – Малайзиядағы франчайзерлер мен франчайзилерді біріктіретін негізгі ұйым болып табылады. Қауымдастық құрамына қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, білім беру, қызмет көрсету және консалтинг салаларында жұмыс істейтін компаниялар кіреді.
Өз сөзінде Елші Қазақстан, оның экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынды. Б.Сүгірбаев шетелдік компаниялар үшін елде қолайлы салықтық және әкімшілік жағдайлар, дамыған инфрақұрылым және Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ететін стратегиялық орналасу бар екенін атап өтті.
Елшінің айтуынша, Қазақстанда бизнесті ашу малайзиялық брендтерге ішкі нарықта орнығуға ғана емес, сонымен қатар оны кең аймаққа шығуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастық перспективаларын белсенді талқылап, қазақстандық нарыққа шығудың нақты қадамдарына қызығушылық танытты.
Ү.ж. қыркүйек айында MFA делегациясы мен бірқатар ірі малайзиялық компаниялардың өкілдері Қазақстанға сапар жасап, келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін зерделейтін болады.