Казахстан торговый хаб для Малайзии: новые направления для железных дорог

Казахстан торговый хаб для Малайзии: новые направления для железных дорог

2025 жылғы 13 маусым, Куала-Лумпур - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Малайзия темір жолдары корпорациясының» президенті Рани Хишам Самсудинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жүк және жолаушылар тасымалы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Аталған бағыттар екі ел арасындағы туристік байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндік ретінде қарастырылуда.

Елші Қазақстанның Еуразия кеңістігінде Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, Қытайдың Ляньюнгань және Сиань қалаларында логистикалық хабтар ашу, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру арқылы еліміздің транзиттік-көлік мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді.

“Қазақстан, Малайзия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сауданы ілгерілету үшін сенімді әрі тиімді логистикалық дәліздерді дамыту айрықша маңызды”, – деп атап өтті Б.Сүгірбаев.
Өз кезегінде Рани Хишам Самсудин Малайзиядағы теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндап, 2024 жылы іске қосылған Малайзия – Таиланд – Лаос – Қытай бағытындағы «ASEAN Express» жүк пойызы туралы мәлімет ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Малайзияның Қазақстанның, Орталық Азия өңірінің және одан әрі еуропалық бағыттағы нарықтарына шығу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар малайзиялық тарап Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту және халықаралық логистиканы дамыту тәжірибесін зерделеуге мүдделілік білдірді.