Куала-Лумпур, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев пен Малайзияның Ұлттық бірлігі министрі Аарон Аго Даганг арасында кездесу өтті.
Басқосу аясында тараптар ұлттық бірлікті нығайту бағытындағы екі елдің тәжірибелері мен қазіргі үрдістері жан-жақты талқылап, этносаралық және конфессияаралық келісімге қол жеткізудің жолдары жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Малайзияда ұлт бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған тетіктердің ұқсастығына назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық этностардың өкілдерін біріктірген, қоғамда татулық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей институты - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Сондай-ақ, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидердердің съездерін тұрақты өткізу жөніндегі Қазақстанның халықаралық бастамасы жүзеге асырылуда. Малайзияда ұлттық бірлікті нығайту үдерісі Өзара түсіністік, Құрмет, және Қабылдау деген үш негізгі қағидатқа негізделген.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Малайзиядағы этностық және діни алуандылық жағдайдында қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудың, сондай-ақ осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жолында тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу екі ел арасындағы бірлік, бейбітшілік және даму саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.