ҚР Елшілігінің Малайзияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүйелі түрде жұмыс жүргізу аясында 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан дипломаттарының «INTI International University & College» университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге Малайзиядағы қазақ диаспорасының басшылығы мен университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында студенттердің оқу және тұру жағдайларына, денсаулық сақтауға, жергілікті заңнаманы сақтауға, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Елдегі медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысына, сондай-ақ консулдық және құқықтық қызметтерді алу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Елшілік Қазақстаннан келген студенттермен жергілікті жоғары оқу орындарда, сондай-ақ Малайзияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шаралар аясында кездесулерді тұрақты түрде өткізеді. Бұл кездесулер студенттердің жеке қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, патриотизмді сақтауға, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді ілгерлетуге, сондай-ақ шетелде болғанда олардың құқықтары мен қолжетімді мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.