Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер

Екіжақты ынтымақтастық Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін Малайзия 1991 жылғы 31 желтоқсанда мойындаған уақыттан басталды.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 16 наурызда орнатылды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан мен Малайзия арасында сындарлы және сенімді диалог орнады. Қазақстан–Малайзия қатынастары дамудың серпінді сипатына ие, ал көпжақты ынтымақтастық өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғасуда.

1996 жылы Қазақстан Куала-Лумпур қаласында өз Елшілігін ашты, ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі алғашқы шетелдік өкілдік болды. Сол жылы Малайзияның Қазақстандағы Елшілігі де ашылды.

1996 жылдан бастап Астана мен Путраджая бауырлас қалалар болып табылады.

2021 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Болат Болатұлы Сүгірбаев тағайындалды.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Мохд Адли бин Абдуллах болып табылады.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

Екі ел арасындағы кооперацияның негізі мен басымдықтары достық және өзара тиімді байланыстарды дамытудың іргелі базасына айналған жоғары және биік деңгейдегі тұрақты саяси диалог арқасында қаланды. Мемлекет басшылары мен Үкімет өкілдерінің екіжақты ресми сапарлары Қазақстан мен Малайзияның ынтымақтастығын одан әрі дамытуға өз үлесін қосты.

2014 жылдан бастап екіжақты қарым-қатынастар жаңа сатыға – «жан-жақты әріптестік» деңгейіне көтерілді. Бұл Астана мен Куала-Лумпур арасындағы өзара іс-қимылдарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларында кооперацияны тереңдету үшін тиімді тұғырнама болды.

Парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан мен Малайзия парламентаралық ынтымақтастық аясында өзара іс-қимылды дамытуды жалғастыруда. Мемлекеттер арасында қомақты шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Қолданыстағы құжаттар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, құқық қорғау және басқа да салаларды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін реттейді.

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік

Халықаралық аренадағы ынтымақтастық және өзара қолдау – екі елдің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан мен Малайзия халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес, мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалог, дамушы елдер үшін сауда мен инвестициялардың әділ жүйесін құру және т.с.с. жаһандық күн тәртібінің өзекті проблемалары бойынша ортақ ұстанымдарға ие.

Астана мен Куала-Лумпур БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК (Малайзия байқаушы мәртебесіне ие), Азиядағы ынтымақтастық диалогы және басқа да халықаралық және өңірлік институттар, оның ішінде халықаралық ұйымдардағы кандидатураларды өзара қолдау шеңберінде белсенді іс-қимылдарды жүзеге асырып келеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Eкіжақты қарым-қатынастар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары