Кишинев, 2025 жылғы 4 сәуір – Молдовадағы Қазақстанның Елшілігінде Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға ресми және дипломатиялық өкілдер, іскер және академиялық топтар, журналистер мен қазақ диаспораcының мүшелері қатысты.
Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, Наурыздың жаңару, мейірімділік пен бірліктің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Наурыз мейрамының молдавиялық Мэрцишормен мәдени ұқсастығын айтып, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен насихаттаудың, әсіресе жастар мен шетелдегі достарымыз үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мереке аясында қазақтың дәстүрлі киіз үйінің шағын үлгісін жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар киіз үйдің қазақ мәдениетіндегі маңызы, киізбен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістері туралы танысып, шағын киіз үйдің моделін өз қолдарымен құрастырды.
Сондай-ақ қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татты.
Мерекелік іс-шара «Moldova 1» ұлттық телеарнасының «Біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында көрсетілді.