Кишинев, 2024 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабугамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді іс-қимылды дамыту жолындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен болашағын талқылады және 2025 жылы Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі молдован тарапынан теңтөрағасы болып табылатын үкіметаралық комиссияны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат тауар айналымын арттыру үшін қолдабар жақсы әлеует шеңберінде Қазақстан-Молдова бизнес-кеңесінің құрылғаны туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Министр ведомствоның басымдықтарын ұсынды және мал шаруашылығы секторын дамыту, ирригациялық жүйелер мен азық-түлік қауіпсіздігін қалпына келтіру бағытында қызығушылық танытты. Ірі дақылдарды (бидайды) дамыту, көкөніс өсіру мен шарап жасауды қолдау жөніндегі ғылыми институттар арасындағы байланыстарды арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара іс-қимылды кеңейтуге күш салуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді және жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.