Кишиневте Қазақстандағы реформалар талқыланды

Кишиневте Қазақстандағы реформалар талқыланды

Кишинев, 2024 жылғы 28 қараша – Кишиневте Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар, сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси қызметі тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, іскерлік және академиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ жетекші молдовалық БАҚ журналистері қатысты.

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков өзінің сөз сөлеуінде ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың осы жылдың қыркүйегінде ұсынған Жолдауының негізгі ережелері мен саяси реформаларын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар экономикалық әртараптандыру және өңірлерді дамыту саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, "күшті өңірлер – күшті ел" бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларға мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Бұл ретте, А.Айдарбековтың айтуынша, өңірлік саясатта бірқатар реформалар жүзеге асырылды – бұл жергілікті аудан басшыларының тікелей сайлануын енгізу.

Молдова СІМ Мемлекеттік хатшысы Серджиу Михов Қазақстан-Молдова қарым-қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті, олардың жандануына дайын екендігін білдірді, елдеріміз арасындағы елеулі инвестициялық әлеуетке назар аударды. 2025 жылы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті 6-шы отырысын ұйымдастыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Молдованың Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юрие Скрипник ауыл шаруашылығы саласында өзара сауданы ұлғайту бойынша жақсы мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті.

Молдованың Қазақстандағы (қоса алғанда) тұңғыш елшісі Валериу Пасат Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевқа үндеу жасап, еліміздің өңірлік және халықаралық істердегі маңызды рөлін атап өтті. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени дамудағы жетістіктеріне назар аударды. В.Пасат Қазақстан молдовалық диаспораның саны бойынша "он елдің" қатарына кіретінін ерекше атап өтті. Астанада Молдова Елшілігінің жоспарланған ашылуын ескере келгенде, ол екі ел арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайту қажеттігін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан тарих ғылымдарының докторы Игнат Казмалы, «Бельц» Арнайы экономикалық аймағының әкімгері Марин Чобану, Қазақстанның Кишинев муниципиіндегі Құрметті консулы Роман Станков және Бельц қаласындағы Құрметті консулы Юрие Жардан, сондай-ақ экономика саласындағы басқа сарапшылар, саясаттанушылар және академиялық топтардың өкілдері Қазақстан-Молдова байланыстарын тереңдету үшін бай экономикалық, тарихи және мәдени іргетастың болуына назар аударды.

Молдова Ұлттық мұрағат агенттігінің Ғылыми істері жөніндегі басқарманың басшысы, тарих ғалымы Аурелия Феля бірлескен ұлттық-ғылыми топтар мен жобаларды құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.