Молдова Парламентінде Қазақстанның өңіріміздегі басты рөлі аталып өтілді

Молдова Парламентінде Қазақстанның өңіріміздегі басты рөлі аталып өтілді

Кишинев, 2024 жылғы 9 сәуір – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында Молдова Парламенті делегациясының жетекшісі және мүшелерімен кездесті.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі, оның ішінде парламентаралық тректегі өзекті мәселелерді талқылады.

Молдова парламентарийлерінің жетекшісі Ион Гроза Қазақстанның өңіріміздегі басты рөлін атап өтіп, барлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан-Молдова байланыстарына қосымша серпін беру тұрғысында Астанада Молдова Елшілігінің ашылуын құптады.

Cұхбат барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның ағымдағы қоғамдық-саяси және экономикалық дамуы, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы негізгі реформалары туралы хабардар етті.

Бұған қоса, тараптар Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының алаңында Астана мен Кишиневтің ынтымақтастығы мәселелерін қозғады. ЕКПА-да өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалог пен өзара қолдауға дайын екендігі расталды.