Қазақстан мен Молдова өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниетін растады

Қазақстан мен Молдова өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниетін растады

Кишинев, 2024 жылғы 3 сәуір – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Серджиу Миховпен кездесті.

Сұхбат барысында халықаралық ұйымдарда өзара қолдауды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар экономикалық байланыстарды дамытудың белсенді серпіні байқалғанын атап өтті, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниет білдірді.

Қазақстан Елшісі Молдованың Астанада елшілік ашу ниетін құптай отырып, бұл Астана мен Кишинев арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ғана емес, өңіріміздің басқа елдерімен де дамуына одан әрі серпін беретінін атап өтті.

Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді. ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаев қойған Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды.