Қазақстан мен Молдова қорғаныс саласындағы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Молдова қорғаныс саласындағы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады

Кишинев, 2024 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Қорғаныс Министрі Анатолий Носатыймен кездесті.

Министр ведомствоның басымдықтары, Молдованың Еуропалық бағытының негізгі аспектілері, Ұлттық армияны реформалау мақсаттары, сондай-ақ сыртқы серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту туралы айтты.

Елші Қазақстандағы конституциялық, саяси және экономикалық өзгерістердің негізгі ережелері туралы кейбір мәліметтерді жеткізді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысының а.ж. 3 қаңтардағы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатымен танысты.

Сонымен қатар, тараптар бітімгершілік миссияларға қатысу саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті бар екенін атап өтті.