Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесу өтті

Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесу өтті

Кишинев, 2024 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Каролина Перебиноспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны маңызды лауазымға тағайындалуымен, сондай-ақ Молдовада атап өтілетін дәстүрлі көктем мерекесі – Мэрцишормен құттықтады. Қазақстан-Молдова арасындағы экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы сындарлы пікір алмасу өтіп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша оңтайлы динамикасы атап өтілді. Оған қоса, Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық, саяси және экономикалық салалардағы негізгі өзгерістермен таныстырды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік хатшы қазіргі уақытта елдің Еуроодаққа интеграциялануы шеңберінде жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы хабарлады. Ағымдағы жылы Астана қ. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны өткізуге ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды кеңейтуге күш салу дайындығын білдіріп, жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.