Қазақстан мен Молдова арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективалары талқыланды

Қазақстан мен Молдова арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективалары талқыланды

Кишинев, 2023 жылғы 12 қазан – Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Азаматтық авиация әкімшілігінің директоры Василе Сараметпен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің іскер топтары белсенділігінің артып келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан мен Молдова арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндіктері талқыланды. Сұхбаттасушылар 2024 жылы Астанада өтуі жоспарланған екіжақты Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына тиісті ұсыныстарды әзірлеуге қолғабыс көсетуге өзара дайындықтарын білдірді.

Сондай-ақ Молдованың Еуразиялық азаматтық авиация конференциясын (EACAC) құру жөніндегі қазақстандық бастамаға қосылу мүмкіндігі туралы пікір алмасу орын алды.

Кездесу соңында А.Айдарбеков ағымдағы жылғы 28-29 қарашада Алматыда «Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы-ИКАО GRF» тақырыбында өтетін аймақтық семинарға қатысуға қазақстандық авиация әкімшілігі басшылығының шақыруын табыс етті.