Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Цифрлық даму жөніндегі Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Цифрлық даму жөніндегі Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

2022 жылғы 30 тамызда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Цифрлық даму жөніндегі Премьер-министрінің орынбасары Юрие Цурканумен кездесті.

Елші ҚР-да жүзеге асырылып жатқан реформалар, елдің мемлекеттік секторын цифрлық трансформациялауға байланысты бағдарламалары, қаржы-банктік және білім беру салаларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, қоғамдық тәртіп пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Вице-Премьер Молдова Үкіметінің сондай-ақ цифрландыруды ұлттық басымдық деңгейіне шығарып, қазіргі таңда оған ерекше мән бөлінуде екенін жеткізді. 

Сұхбаттасушылар аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерді ратификациялау, цифрлық сауданы дамыту жөніндегі жүйелерді құру, электрондық төлемдер, салық салу, транзакциялар мен т.б. мәселелері бойынша тәжірибе алмасу үшін одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін білдірді.