Молдовада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Молдовада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткіш ашылды

2021 жылғы 24-ші шілдеде Новоаннены ауданындағы «Шерпен» мемориалдық кешенінің аумағында Молдованы фашистік басқыншылардан азат етуде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштің ресми ашылу рәсімі өтті.

Молдова үшін болған шайқастарға Қазақстан аумақтарында құрылған жеті әскери құрамалар қатысты. Молдованы азат етуде көрсеткен ерліктері үшін бес қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Рәсім барысында Құрметті қарауыл ротасының қатысуымен, атыс қаруының дүрсілімен майданда қаза тапқан жауынгерлер бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Молдова Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Р.Ротар, "Победа" Ұлттық комитетінің басшысы А. Петрович, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Е. Мұқашев шараға қатысушылар алдында ризашылығын білдіре отырып, сөз сөйледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді есте сақтауда және біздің елдеріміз арасындағы екі- жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін "Победа" ұлттық үйлестіру комитетінің төрағасы А.Петрович Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының елшілігі "Август" (Молдова) іздестіру жасағының, сондай-ақ "Майдан Жолы" Павлодар іздестіру зерттеу жасағы қоғамдық ұйымының басшылықтары мен іздестірушілерін де марапаттап өтті.