
Кишинев, 2026 жылғы 22 сәуір. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Экономикалық даму және цифрландыру министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Олег Биволмен кездесу өткізді. Кездесуге «DOLCE» қазақстандық компаниясының өкілдері И.Ван және Ж.Ержан қатысты.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Тараптар екі ел үшін өзара қызығушылық тудыратын алты басым бағыт бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын белгіледі. Фармацевтика, технологиялар және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде «DOLCE» компаниясы Молдова Республикасының нарығына шығу мәселелерін, соның ішінде медициналық өнім өндірісін ел аумағында ықтимал жергіліктендіруді қосымша пысықтауда.
«DOLCE» компаниясы тоқыма емес материалдар мен пластиктен жасалған өнімдерді, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге маманданған және әзірлеу мен зарарсыздандырудан бастап буып-түю мен таратуды қамтитын толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді.