
Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Молдова астанасында консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.
Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков басқарды. Молдова тарапынан МР СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару болды. Сонымен қатар, кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.
Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар осындай форматтардың маңыздылығын атап өтті, олар екіжақты қатынастардың дамыуына үлес қосады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады.