
2026 жылғы 20 наурыз. Кишинёв қаласында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстаннан келген студенттер қатысып, молдовандық көрермендерге ұлттық мәдениет пен дәстүр элементтерін таныстырды.
Бағдарлама аясында қазақстандық стенд ұйымдастырылып, қонақтар дәстүрлі әдет-ғұрыптармен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.
Молдова Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қызметкерлері Наурыз мерекесін атап өтудің ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынып, бұл мереке көктемнің келуін және табиғаттың жаңаруын білдіретінін, сондай-ақ күн мен түн теңелетін күні дәстүрлі түрде атап өтілетініне тоқталды. Сонымен қатар, Наурыз жаңа өмірлік кезеңнің басталуын бейнелейтіні, қоғамдық келісімді, өзара құрметті нығайтуға және ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәдени дәстүрлерді сақтауға ықпал ететіні ерекше атап өтілді. Мерекенің халықаралық деңгейде танылғаны, соның ішінде ауқымды түрде аталып өтуі және түрлі елдердегі адамдардың кеңінен қатысуы нәтижесінде Гиннестің рекордтар кітабына енгені де айтылды.
Мәдени бағдарлама студенттердің шығармашылық өнер көрсетулерін – музыкалық және би нөмірлерін, сондай-ақ поэтикалық композицияларды қамтыды. Ұлттық тағамдар қонақжайлылық пен достық қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.
Қонақтар Қазақстанның мәдени және аспаздық дәстүрлеріне деген жоғары қызығушылықты көрсетті.