
2026 жылғы 11 наурыз. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі А. Айдарбеков Молдова мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Аталған студенттер Молдова Жас дипломаттар қауымдастығының мүшелері болып табылады.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттары, халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатияның рөлі, сондай-ақ Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары туралы айтып өтті.
Елшілік қызметкерлері студенттер үшін Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі дамуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум туралы презентациялар өткізді. Іс-шараның практикалық бөлігі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Оның аясында студенттерді дипломатиялық қызметтің элементтерімен және келіссөздер жүргізу ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған интерактивті ойын тапсырмалары ұйымдастырылды.
Кездесу соңында студенттер дипломаттармен бейресми түрде пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар бұл кездесу дипломатиялық қызметтің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтіп, халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында кәсіби тұрғыда дамуға қызығушылық білдірді.