
2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Молдовадағы Елшілігінде жұмыс істейтін сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.
Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: Молдова уақыты бойынша 07:00–20:00.
Сайлау учаскесінің мекенжайы: Кишинев қ., Петру Рареш көш., 43/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету мақсатында Кишинев қаласында дауыс беретін азаматтардан алдын ала gconsul.md@gmail.com электрондық поштасына келесі деректерді жолдауды сұраймыз: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, Молдова Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта.