
Кишинев, 2025 жылғы 16 желтоқсан – ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті.
Кездесу барысында Елші И.Гросуды МР Парламентінің Төрағасы қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтап, парламентаралық диалогтың одан әрі жүйелі дамуына және екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына сенім білдірді.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Астана мен Кишинев арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
А.Айдарбеков елде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік қайта құрулар, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат берді. Парламенттік реформалар мен институционалдық дамуға, оның ішінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрылуына назар аударылды.
Елші сұхбаттасын Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларымен, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысуы, ҚХР, АҚШ, РФ және Өзбекстанға жасаған сапарларымен таныстырды.
Сондай-ақ қазақстандық дипломат ҚР Президентінің Түрікменстанда өткен Халықаралық бейтараптық күніне арналған форумда сөйлеген сөзінің негізгі тезистері туралы хабардар етті. Бейбітшілікті, өзара сенімді және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауда Қазақстанның дәйекті ұстанымы атап өтілді.
Сонымен қатар Елші Еуропалық Кеңес Президенті А.Коштаның Астанаға жасаған ресми сапары және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында байланыстарды жалғастыру жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде И.Гросу Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігін және оның халықаралық бастамаларын жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол екі елдің парламентаралық достық топтарының өзара іс-қимылдың орнықты тетігі ретіндегі рөлін оң бағалады.
Парламент Төрағасы Астанада Молдова Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға үлес қосатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар қазақстан-молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.