
Кишинев, 2025 жылғы 3 желтоқсан – ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Мәдениет министрі Кристиан Жарданмен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Елші Министрді лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ Астана мен Кишинев арасындағы достық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге деген ұстанымын атап өтті.
А.Айдарбеков 2025 жылы Астанада Молдова Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды қадамы болғанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат Елшілік өткізетін мәдени іс-шаралар туралы айтып берді. 2023 жылы Елшілік Кишиневке Turan этно-фольклорлық тобын шақырды. Ол сондай-ақ Молдоваға үнемі гастрольдермен келетін қазақстандық шығармашылық ұжымдарға Молдова жұртшылығының қызығушылығын атап өтті: BN team Orchestra, Tynda Music, Ne Prosto Orchestra топтары және басқалар.
2025 жылғы 18 қарашада Елшілік Кишиневте басты рөлді орындаушы Берік Айтжановтың қатысуымен «Ұлы Дала таңы» атты қазақстандық тарихи драманың көрсетілімін ұйымдастырды.
Елші Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын таныстырып, ұлттық мәдени мұраны ілгерілетуге және мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалар туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Министр К.Жардан мәдениет саласындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Министр шығармашылық алмасуларды қолдауға және іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейтуге дайын екенін растады.
К.Жардан сондай-ақ мәдениет инфрақұрылымын жаңғыртуға, шығармашылық ұжымдарды қолдауға, ұлттық мұраны сақтауға, халықаралық мәдени алмасуды дамытуға және мәдениетке кең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған сала жұмысының басымдықтарын атап өтті. Ол елдің мәдени әлеуетін ілгерілетуге ықпал ететін серіктестіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.