
Кишинев, 2025 жылғы 24 қараша – ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабугамен кездесті.
А.Айдарбеков Министрді атқарып отырған лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, одан әрі табыс, сындарлы жұмыс және алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді тіледі.
Тараптар сауданы ұлғайтуға, өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға, аграрлық технологияларда тәжірибе алмасуға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді басқаруға қызығушылық танытты.
Кездесу барысында тараптардың ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді кеңейту, қайта өңдеу, логистика және инновацияларды енгізу саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктері қаралды.
Кездесуге қатысушылар 2026 жылға жоспарланған Үкіметаралық комиссияның жұмысын қоса алғанда, екіжақты тетіктер шеңберіндегі іс-қимылдарды одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.