
Кишинев, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы даланың таңы» атты тарихи драмасының көрсетілімін Молдованың аудиториясы үшін ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстанның Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын тойлау аясында өткізілді.
Фильм Ел тәуелсіздігін сыртқы қауіптен қорғауды қамтамасыз еткен Қасым хан тұсындағы мемлекеттің нығаюы мен өркендеу кезеңін бейнелейді.
ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков және фильмнің бас актері Берік Айтжанов құттықтау сөз сөйледі.
А. Айдарбеков өз сөзінде іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени дипломатияны нығайту, өзара түсіністікті дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету екенін атап өтті.
Фильмнің бас актері Б. Айтжанов Молдова көрермендеріне бұл туындыны ұсыну мүмкіндігі үшін Елшілікке және қонақтарға ризашылығын білдіріп, Кишиневтегі премьераға қатысуға өте қуанышты екенін атап өтті. Сонымен қатар, молдовалық аудиторияның Ұлы дала тарихына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, дипломатиялық корпус өкілдерінің, мәдени ұйымдардың, Молдова кинематографиясы саласының және қазақстандық диаспораның қатысуы қамтамасыз етілді.
Қонақтар шағын қабылдауға қатысып, фильмді тамашалаудан оң әсер алғандарын атап өтті.