Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болды

Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болды

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру шеңберінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуыy ұсынды.

Бейінді министрлік құру туралы шешім елді жаңа технологиялық құрылымға біріктіру қажеттілігімен байланысты. Қазақстан Президенті осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін түбегейлі өзгертудің маңыздылығын атап өтті.

Президент ҚР Үкіметтің алдына барлық салаларды жаңғырту үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.

Мемлекет басшысы цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын, цифрлық платформалар мен сервистердің жұмыс істеуін, киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау мәселелерін реттеуге тиіс Қазақстанның Цифрлық кодексін қабылдауды жеделдетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі жарлығына сәйкес ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Қазақстан жасанды интеллектті үйлестіру жөніндегі жеке ведомство құрған алғашқы елдердің бірі.