Кишинев, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Елшілік «Бэльц» Арнайы экономикалық аймағы мен Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс берушілер қауымдастығы ұйымдастырған «Бәсекелестік және аймақтық оқиғалар контекстіндегі экономикалық даму перспективалары» конференциясына қатысты. Аталған іс-шараға Молдова бизнес-топтарының, экономикалық шолушылары мен сарапшылардың өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков екіжақты қатынастарды дамытудың оң үрдісін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық саясаттың негізгі тұстарына назар аударды.
Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауының негізгі аспектілері туралы хабардар етті.
Бұдан басқа, екіжақты байланыстардың маңыздылығы және МолдоваРеспубликасыныңАстанадағы Елшілігініңашылуыекіжақтыынтымақтастыққаелеуліүлес қосатынына сенім білдірді.
Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін елеулі әлеует атап өтілді.