Қазақстандық суретшілерінің сурет көрмесі туралы

Қазақстандық суретшілерінің сурет көрмесі туралы

2025 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Тарас Шевченко атындағы Ұлттық музейінің қолдауымен танымал қазақстандық суретшілерінің сурет көрмесін ұйымдастырды.

«Уақытты түсіну» экспозициясында келесі суретшілер: Равиль Абдуловтың, Салихидин Айтбаевтың, Юрий Евсеевтің, Молдағұл Нарымбетовтің, Сембіғали Смағұловтың, Тоқболат Тоғызбаевтың жұмыстары қойылды.

Белгілі қазақстандық-украиналық ғалым, Қазақстан Өнер академиясының мүшесі - Рүстем Жанғожаның жеке топтамасынан алынған суреттер.

Көрме Қазақстанның көркем мұрасының маңыздылығын көрсетуге және қазақ халқының мәдени құндылықтарымен кең аудиторияны таныстыруға бағытталған.

Көрменің ресми ашылуына Украинаның Жоғарғы Радасының депутаттары, дипломатиялық корпустың, мәдени, ғылыми және іскер топ өкілдері қатысты.

Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің ректоры Владимир Бугров өз сөзінде елдеріміз арасындағы тарихи байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жоғарғы Раданың депутаты Сергей Нагорняк Қазақстанға гуманитарлық жобаларды жүзеге асырудағы белсенді рөлі үшін алғысын айтты. Украинаның Ұлттық өнер академиясының президенті Виктор Сидоренко украиндық көрермендерді қазақстандық суретшілердің туындыларымен таныстыру мүмкіндігі үшін Елшілікке өзінің алғысын білдірді.

Көрме 2025 жылғы 16 ақпанға дейін жалғасады.

Қосымша суреттер: https://fex.net/uk/s/2kpmyyf