23 қаңтарда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Крюковский вагон жасау зауыты» компаниясының басқарма төрағасы Максим Крамаренкомен кездесу өткізді. Украиналық компания жылжымалы құрам (локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары) шығаруға маманданған ТМД жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Кездесу барысында тараптар украиналық компанияның Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға қатысу келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Жылжымалы құрамның бірлескен өндірісі саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қатысты мәселелер бойынша мүдделі пікір алмасу болды.