DGE компаниясының Бас директоры А. Валебныймен кездесу туралы

DGE компаниясының Бас директоры А. Валебныймен кездесу туралы

20 қаңтарда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев DGE компаниясының Бас директоры Александр Валебныймен кездесу өткізді.
DGE – Украинаның агроөнеркәсіптік секторындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, ол мал шаруашылығы бизнесін құруға маманданған – сүт-тауарлық фермаларын жобалау мен салудан бастап, озық технологияларды енгізуге және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге дейін. Компания 10 жылдан бері сүт және ауылшаруашылық тұқымдарының жетекші қазақстандық өндірушілерімен ынтымақтасуда.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттырудың практикалық аспектілерін талқылады. Қазақстандық және украиндық аграрлық қызметкерлерің бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы өзара іс-қимылы, сондай-ақ Украина мен Қазақстанның жетекші ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен агробизнес форумын өткізу мүмкіндігі туралы мүдделі пікір алмасу болды.

Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша логистикалық және транзиттік бағыттарының әлеуетін іске асыру тақырыбы ерекше назар аударатын тақырыпқа айналды.