2024 жылғы 25 қарашада Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Мажарстанның Украинадағы Елшісі Антал Гейзермен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президентінің Мажарстанға мемлекеттік сапарының (2024 жылғы 21 қараша) қорытындыларын, Украинадағы оқиғаның дамуы мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша қызығушылық танытқан пікір алмасу болды.