Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Boosteroid Ukraine» компаниясының басшысы Анатолий Кужельмен кездесті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Boosteroid Ukraine» компаниясының басшысы Анатолий Кужельмен кездесті

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Boosteroid Ukraine» компаниясының басшысы Анатолий Кужельмен кездесті.

Компания 2018 жылы құрылған және бағдарламалық және аппараттық шешімдердің жетекші әзірлеушісі болып табылады. Сондай ақ компания Microsoft пен NVidia-дан кейінгі әлемдегі ең ірі бұлттық провайдері Boosteroid бұлтты сервисін әзірлеумен және техникалық қолдаумен айналысады. А.Кужелдің хабарлауынша, 2024 жылы Boosteroid Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада 5,5 миллион пайдаланушыға жетті.

Елші қазақстандық компаниялармен бірлесіп бағдарламалық өнімдерді пайдалану үшін жұмыс серверін әзірлеуге және кейбір жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығын білдірді.