Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Григорий Ващенко атындағы №144 Киев лицейінің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесу өткізді

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Григорий Ващенко атындағы №144 Киев лицейінің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесу өткізді

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Григорий Ващенко атындағы №144 Киев лицейінің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Украина Жоғарғы Радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыстар жөніндегі депутаттық тобының жетекшісі Сергей Нагорняк қатысты.

Кездесу барысында украиналық мектеп оқушылары алапат тасқынға байланысты Қазақстан халқына шынайы қолдау сөздерін жеткізуді өтінді. Сондай-ақ, лицей өкілдері зардап шеккен өңірлердің тезірек қалпына келуіне тілектестік білдіретіндігін жеткізді.

Өз кезегінде Елші кездесуге қатысушыларға су тасқынына байланысты қолдау және жанашырлық сөздері үшін алғыс айтып, елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды айтты.